Жыл басынан бері Ақтөбе облысында қараусыз жайылған малдың кесірінен болған жол-көлік оқиғаларының салдарынан үш адам қаза тапқан
1 қыркүйектен бастап Ақтөбе облысында қараусыз жайылған малдың қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері қабылдап жатқан шараларға қарамастан, үй жануарларының иелері малдарын қараусыз қалдырады, нәтижесінде олар автожолдарда жайылып жүреді.
Қараңғы кезде қала сыртындағы автожолдарда келе жатқан көлік құралдарының жүргізушілері аталған жануарларды қағып кетіп, апаттық жағдайларға тап болады.
Мұндай жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде екі тарап та материалдық шығынға ұшырайды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті үй жануарларының иелерін оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.