Ақтөбе облысының аумағында «Пәтер қауіпсіздігі» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді
2020 жылғы 6 -11 қазан аралығында Ақтөбе облысының аумағында пәтер ұрлықтарының алдын алуға, жолын кесуге және ашуға бағытталған «Пәтер қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелерде пәтерлерді күзетке тапсыру немесе бейнекамералар және күзет-дабыл сигнализациясын орнату қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, облыс тұрғындарына пәтерлерді күзетумен және дабыл жүйесін орнатумен айналысатын күзет фирмаларының 400 бірліктен астам буклеті таратылды.
Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Қарағанды облысының тұрғыны жасаған пәтер ұрлықтарының 5 эпизоды ашылды.
Күдіктінің ұрлықты күзет дабылымен жабдықталмаған үйлер мен пәтерлерден жасағаны анықталды.