Ақтөбе облысының ПД бастығы жұмыс сапарымен аудандық полиция бөліміне барды
Ақтөбе облысының ПД бастығы мен облыс прокуроры жұмыс сапарымен Қарғалы аудандық полиция бөліміне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде ПД бастығы мен облыс прокуроры жұмыс сапарымен Қарғалы аудандық полиция бөліміне барды.
Ел Президентінің азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша жұмыспен танысу мақсатында облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов пен облыс прокуроры Марат Қайбжанов жұмыс сапарымен Қарғалы аудандық полиция бөліміне барды.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының басшылары тергеушілердің жұмысымен және олардың процессуалдық шешімдерді электронды форматта келісу бойынша прокурорлармен өзара іс-қимылымен танысты.
Атығай Арыстанов негізгі шешімдерді келісудің артықшылықтарының бірі артық бюрократиялық кідірістерді болдырмау, тергеушілердің уақытын үнемдеу болып табылатынын атап өтті. Іспен бірге прокурорға барудың, кабинеттерге барудың, шешімнің келісілуін күтудің қажеті жоқ. Заңнамалық нормалармен негізгі шешімдерді прокурормен келісу мерзімдері нақты белгіленген.
Сондай-ақ, Атығай Арыстанов Мемлекет басшысы жариялаған «Алдын алу жылы» аясында аудандық полиция бөлімінің бастығынан мас қылмыстың алдын алу, ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу бойынша жұмысты күшейтуді талап етті.
Құқық қорғау органдарының басшылары жұмыс сапары аясында Мәртөк және Қобда аудандық полиция бөлімдеріне барып қайтты.