Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда карантин талабын бұзған кафелер анықталды

Түркістан полицейлері бір күнде карантин талабын бұзған екі кафе мен бір тойхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Сарыағаш ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторлары аудан бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізді.

Олар аумақтағы мейрамхана, тойханаларға , көше бойларында кешкі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынған кафе, түнгі клуб, дүкендерге және үй аулаларында той жасалмауын қадағалау мақсатында тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сағат кешкі 21:00 шамасында Дүйсебайұлы көшесінің бойында орналасқан “Мөлдірбұлақ” тойханасында той тойлап жатқан тұрғындарды ұстады. Ал түнгі 1:00-де С.Исмайлов көшесіндегі “Самғау” кафесінің тыйым салынған уақытқа қарамай жұмыс істеп жатқанын анықтады. Дәл осындай кезекті бір заңбұзушылық Сарығаш қаласы Шымкент-Жетісай тас жолының бойында орналасқан “Империя” кафесінде орын алды. Бұл дәмхана карантин талаптарын ескермей сағат 00:30-ға дейін жұмыс жасап тұрған.

Аталған жайттарға байланысты Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарының бекіткен қаулысына сәйкес тойхана, дәмхана иелеріне және той ұйымдастырушыларға әкімшілік шара қолдану мақсатында тиісті құжаттар жинақталып, тиісті орынға жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру