Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер қамауға алынды

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында 13-15 қыркүйек аралығында облыс аумағында “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиевтің айтуынша, аталған іс-шараның негізгі мақсаты құжатсыз жүрген шетелдіктерді анықтауға, олардың мәртебесін реттеуге құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

Нәтижесінде 114 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 62 ТМД шетелдік азаматы республикада болу ережелерін бұзған және 52 Қазақстан Республикасының азаматы. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың жеті фактісі анықталды.

– Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің біздің елде болуының белгіленген ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша Қазақстан Республикасының 45 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ бір тәулік ішінде алимент төлемей жүрген үш адамның мекенжайы анықталды, – деп атап өтті Арман Уәлиев.

Мысалы, Павлодар қаласында Ломов көшесіндегі пәтерде полицейлер тиісті рұқсатсыз құрылысшы ретінде еңбек еткен Өзбекстан Республикасының үш азаматын ұстады. Үшеуі де ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартылып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды.
Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде қонақ үйлерде, хостелдерде, сондай-ақ тұрғын үйді жалға берумен айналысатын кәсіпкерлерге келген шетелдіктер туралы хабарлау қажеттілігі туралы жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру