Ақтөбе облысының полиция бастығы вакцина салдырды
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов коронавирусқа қарсы вакцина алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың наурыз айының басынан бастап коронавирустық инфекцияға қарсы өз еркімен вакцинациялануда. Алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар егілді.
Бүгін облыстың бас полицейі Атығай Арыстанов егілді.
– Вакцинациядан кейін әл-ауқат жақсы. Жанама әсерлер жоқ. Қазіргі уақытта өзіңізді және айналаңыздағыларды қауіпті инфекциядан қорғаудың жалғыз тәсілі-вакцинация, сондықтан мен өз еркіммен вакцинация алдым. Жергілікті атқарушы орган департамент қызметкерлерін вакцинамен толық қамтамасыз етеді, өйткені біздің қызметкерлер халықпен тікелей байланыста жұмыс істейді, – дейді Атығай Арыстанов.
Полицейлерді вакцинациялау кезінде егу алдында медицина қызметкерлері әр қызметкердің дене қызуы мен қан қысымын өлшейді. Барлығы екі мыңнан астам полиция қызметкерін вакцинациялау жоспарлануда.