Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның ақшасын күштеп алған күдіктіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның ақшасын күштеп алған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келеді. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, өзін белгісіз біреу көше бойында себепсіз тоқтатып ақша сұраған. Содан күдікті азамат жәбірленушінің қалтасындағы ақшасын байқап күштеп тартып алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 120 мың теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Түркістан ҚПБ-ның полицейлері ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада жетті. Сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алды. Осындай нәтижелі жұмыстың арқасында, күдікті тәулік ішінде ұсталды. Ол Кентау қаласының тұрғыны, жұмыссыз азамат болып шықты. Күдіктінің бас шарасы “қолхатта”.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарына мұқият болуға және өз мүлкін бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмауға шақырады. Кез келген құқық бұзушылық орын алғанда, бірден полицейлерге хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру