Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада саяжайға ұрлыққа түскен күдікті анықталды

Қызылордада саяжайға ұрлыққа түскен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 сәуірінде Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушы саяжай учаскесінен белгісіз біреулер сыйымдылығы 3х2 метр металл бөшке мен құрал-саймандарды ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын –  250 мың теңге.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің осы тектес деректерге қатыстылығы анықталуда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тасбөгет полиция бөлімінің басшылығы саяжай иелеріне және кент тұрғындарына сергек болуды, сондай-ақ үйлеріне бейнебақылау камералары мен күзет дабылдарын орнатуды ескертеді. Сондай-ақ, пәтер ұрлығының алдын алу үшін кіреберіс есіктерді сенімді құлыптармен нығайту, ал терезелерге темір торлар орнату қажет. Егер сіз осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру