Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші қамауға алынды

Алматыда қарсы жолаққа шыққан жүргізушіге 155 мың теңге айыппұл салынып, бес тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға жауап ретінде, жол ережесін қасақана бұзған ер адам анықталды. Бұл – Т. есімді азамат, 1997 жылы туған, Алматы облысының тұрғыны.

– Құқық бұзушының жолаушысы түсірген кадрларда барлығы анық көрсетілген. Әрине, жолда мұндай іс-әрекетке жол берілмейді. Бұл жай жол ережесін бұзу емес, бұл азаматтық сананың жетіспеуі және жетілмеген ой. Қарбалас көше бойымен қарсы жолаққа шығумен қатар, белгілі болғандай, бұл қаскөй бағдаршамның тыйым салынған дабылына өтіп кеткен, сақтандыру полисі жоқ, автокөліктің әйнектері қараңғыланған, апаттық жағдай туғызып, тіркеуден шешілген көлік құралын басқарған. Сонымен қатар, жүргізушінің әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Алматы қаласының МАӘС шешімімен құқық бұзушы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 155 мың теңгені құрайтын 11 әкімшілік хаттама шығарылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру