Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Ақтөбе-Орынбор" тас жолында жол-көлік оқиғасынан 3 адам көз жұмды

"Ақтөбе-Орынбор" тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алып, оқиға орнында үш адам көз жұмды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

15 маусым күні сағат 19.00-де Мәртөк ауданының Жайсан ауылынан үш шақырым жерде А-24 "Ақтөбе-Орынбор" тас жолының 89 шақырымында "Лада-21705" көлігінің жүргізушісі 35 жастағы әйел Мәртөк ауылына қарай жолда рульдік басқаруын игере алмай, темір жол қоршауына соғып, қарама-қарсы қозғалыс жолының сол жақ жиегіне аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі мен екі жолаушы (30 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел) алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

- Мынадай жағдай жолдарда абайсызда туындайтын оқиғаларды жоюға ең қажетті шараларды қабылдауды талап етеді. Жол-көлік оқиғаларын талдап, апаттардың негізгі себептері жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін елемеуден болады. Негізінен жол көлік окиғасы салдарынан кішкентай балалары бар адамдар көз жұмып жатады, - дейді Ақтөбе облысының ПД бастығы Атығай Арыстанов.

А.Арыстановтың айтуынша, статистика жол қозғалысына қатысушылардың барлығы өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарамайтынын көрсетеді. Жылдың басынан бері облыста 235 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 4адам қаза тауып, 320 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды. Аталған жол учаскесін Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері бірнеше рет тексердіБарлық белгілер орнатылған, жол барлық стандарттарға сәйкес келеді. Бұл жол-көлік оқиғасында жол жүру ережелерін елемеу байқалады.

Осыған байланысты, барлықтарыңызды жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауларыңызды, сыпайылық және бір-біріне құрметпен қарауды сұраймыз. Есіңізде болсын, автокөлікжоғарғы қауіп көзі. Ережелерді елемеу жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыруы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз. Есіңізде болсын, сізді үйде күтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру