Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ақтөбе-Орынбор” тас жолында жол-көлік оқиғасынан 3 адам көз жұмды

Ақтөбе-Орынбор тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алып, оқиға орнында үш адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 маусым күні сағат 19.00-де Мәртөк ауданының Жайсан ауылынан үш шақырым жерде А-24 “Ақтөбе-Орынбор” тас жолының 89 шақырымында “Лада-21705” көлігінің жүргізушісі 35 жастағы әйел Мәртөк ауылына қарай жолда рульдік басқаруын игере алмай, темір жол қоршауына соғып, қарама-қарсы қозғалыс жолының сол жақ жиегіне аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі мен екі жолаушы (30 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел) алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мынадай жағдай жолдарда абайсызда туындайтын оқиғаларды жоюға ең қажетті шараларды қабылдауды талап етеді. Жол-көлік оқиғаларын талдап, апаттардың негізгі себептері жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін елемеуден болады. Негізінен жол көлік окиғасы салдарынан кішкентай балалары бар адамдар көз жұмып жатады, – дейді Ақтөбе облысының ПД бастығы Атығай Арыстанов.

А.Арыстановтың айтуынша, статистика жол қозғалысына қатысушылардың барлығы өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарамайтынын көрсетеді. Жылдың басынан бері облыста 235 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 4адам қаза тауып, 320 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды. Аталған жол учаскесін Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері бірнеше рет тексердіБарлық белгілер орнатылған, жол барлық стандарттарға сәйкес келеді. Бұл жол-көлік оқиғасында жол жүру ережелерін елемеу байқалады.

Осыған байланысты, барлықтарыңызды жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауларыңызды, сыпайылық және бір-біріне құрметпен қарауды сұраймыз. Есіңізде болсын, автокөлікжоғарғы қауіп көзі. Ережелерді елемеу жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыруы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз. Есіңізде болсын, сізді үйде күтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру