Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қалалық пробация қызметінің қызметкерлері – ХҚКО-да ерікті

Семей қаласы пробация қызметінің қызметкерлері, қоғамның басқа да белсенді азаматтары сияқты цифрлық мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндіру және көмек көрсету процедурасы бойынша оқудан өту және оқуды аяқтағаннан кейін egov.kz. өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында ерікті болу туралы ұсынысқа үн қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Волонтерлер қандай да бір қызметті қалай алуға болатынын, электрондық-цифрлық қолтаңбаны қалай ресімдеуге болатынын немесе ХҚКО-ға кезекті қалай брондауға болатынын және тағы басқаларды түсіндіре алады.

Мемлекеттік қызметтердің 80% – дан астамын egov.kz. электрондық үкімет порталында онлайн форматта алуға болады. Жеке және заңды тұлғаларға ЭЦҚ беру бойынша жақында онлайн форматқа көшірілген қызмет, тек онлайн көрсетіледі.

Компьютерге қол жеткізе алмайтын тұрғындар үшін Семей қаласы мен жақын маңдағы ауылдық округтерде egov.kz. өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды. ХҚКО ғимараттарынан тыс олар қала әкімі аппаратының ғимараттарында, қалалық кітапханаларда орналасқан. Жақын арада осындай бұрыштар санын арттыру жоспарланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру