Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері кәсіпкерді алдаған күдіктіні ұстады

Ақтөбе полицейлері кәсіпкерді алдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға алаяқтық фактісі бойынша жеке кәсіпкер жүгінді. Оның айтуынша, жаңа танысының Ақтөбеде көкөніс дүңгіршегін орнату мәселесін шешіп беруге уәде беріп, қызметі үшін 1,4 млн теңге сұраған.

Сондай-ақ күдікті бизнесті дамыту үшін мемлекеттен 100 млн теңге көлемінде несие алуға көмектесуге уәде беріп, 1,3 млн теңге сомасында ақшаны иемденген. Жалпы келтірілген шығын 2,7 млн теңгені құрады.

Күдіктінің ақшаны алғаннан кейін алыстай бастағанын сезген кәсіпкер полицияға жүгінді.

Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол өзінің кінәсін мойындады және несие мен дүңгіршекті орнатуға мүмкіндігі жоқтығын, тек жәбірленушінің аңғалдығын пайдаланғанын айтты.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру