Ақтөбе полицейлері көліктен аккумулятор ұрлаған азаматты құрықтады
Ақтөбе полицейлері көліктен аккумулятор ұрлаған азаматты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 карашада белгісіз адам Ақтөбе қаласы Кобозев көшесіндегі үйдің жанында Ваз-2110 автокөлігінің капотын ашып, аккумуляторды жасырын ұрлап кеткен. Автокөлік иесі кешке көлігін үйдің жанына қойып, таңертең аккумуляторының ұрланғанын бір-ақ білген.
26 жастағы ақтөбелікке келтірілген шығын көлемі 35 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.
Ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады. Ұрланған аккумулятор тәркіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр.