Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ҚАЖД мекемесінде ашық есік күні өтті

Абай облысы ҚАЖД-ға қарасты №20 мекемесінде ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №20 мекеме РММ-де әр тоқсан сайын барлығы асыға күтетін күн бар. Ол темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқандардың жақындарымен кездесуі. Ешқандай шектеусіз, бірге отырып, ас ішіп, қайта отбасыңмен қауышқандай сезімді қайта бастан өткеру.

№20 мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бойынша бөлімінің тоқсандық жоспарына сәйкес тұрақты түрде ашық есік күні өткізіледі. Осы жолы аталған шараға қатысу жазасын өтеп жатқан 11 азамат өтініш берді.

Ашық есік күніне келген 20 адам, оның ішінде 3 бала, тек темір торда отырған туыстарымен жүздесіп қана қойған жоқ, олардың жатын және демалатын орындарын аралап, бір дастархан басында ас ішті. Сонымен қатар сотталғандардың өз қолдарымен жасалған бұйымдардың көрмесінің тамашалауға мүмкіндік алды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру