Ақтөбе полицейлері көше мен жолдарды тексерді
Ақтөбе полицейлері 6,7 мың шақырым қала жолдарының көше-жол желісінің жай-күйіне 650 тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жұмыс тұрақты және жүйелі негізде жүргізіледі.
Жыл басынан бері қала тұрғындарынан полицияға көше-жол желісінің кемшіліктеріне байланысты 100-ден астам өтініш келіп түсті, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, бағдаршамдарды орнатуға және автожолдарды күтіп ұстауға 360 ұйғарым берілді.
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін Ақтөбеде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерін арнайы шақыру түймесі бар жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдарды орнату арқылы реттелетін жолға кезең-кезеңмен ауыстыру жүргізілуде.
Қазіргі уақытта мұндай бағдаршамдар тұрғындардың өтініші бойынша К.Нокин даңғылы бойындағы «Ярмарка» базарының ауданында және «Аурухана»ауданындағы «Ақтөбе-Орск» автожолында екі орынға орнатылды.
Сондай-ақ, К.Нокин даңғылы бойындағы «Караван» дүкені ауданына және Сәңкібай батыр даңғылы-Вавилов көшесіне осындай бағдаршамдарды орнату жоспарлануда.