Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері көше мен жолдарды тексерді

Ақтөбе полицейлері 6,7 мың шақырым қала жолдарының көше-жол желісінің жай-күйіне 650 тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жұмыс тұрақты және жүйелі негізде жүргізіледі.

Жыл басынан бері қала тұрғындарынан полицияға көше-жол желісінің кемшіліктеріне байланысты 100-ден астам өтініш келіп түсті, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, бағдаршамдарды орнатуға және автожолдарды күтіп ұстауға 360 ұйғарым берілді.

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін Ақтөбеде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерін арнайы шақыру түймесі бар жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдарды орнату арқылы реттелетін жолға кезең-кезеңмен ауыстыру жүргізілуде.

Қазіргі уақытта мұндай бағдаршамдар тұрғындардың өтініші бойынша К.Нокин даңғылы бойындағы “Ярмарка” базарының ауданында және “Аурухана”ауданындағы “Ақтөбе-Орск” автожолында екі орынға орнатылды.

Сондай-ақ, К.Нокин даңғылы бойындағы “Караван” дүкені ауданына және Сәңкібай батыр даңғылы-Вавилов көшесіне осындай бағдаршамдарды орнату жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру