Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасөспірімдер сөзге келіп, біреуі пышақ жарақатын алды

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, олардың біреуі пышақ жарақатын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 тамыз күні сағат 23:10-да Мұғалжар аудандық орталық ауруханасына Қандыағаш қаласының 16 жастағы тұрғыны пышақ жарақатымен түсті. Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы тұрақты. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қандыағаш қаласының 16 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Қылмыстың себептері анықталуда.

Осыған байланысты Полиция департаменті ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды, әсіресе кешкі және түнгі уақытта бақылауда ұстауды ескертеді. Ата-аналардың немқұрайлығы көбінесе кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына себеп болып жатады.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу отбасының, сондай-ақ мектептің бастапқы міндеті болып табылады. Әдетте, ерте жастан балалар қылмыстық әрекетке барып жатады, сондықтан қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу жастармен байланыста болатын ата-аналар, мұғалімдер және полиция қызметкерлерінің міндеті, – деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.

Бұдан басқа, ювеналды полиция инспекторлары алдағы уақытта осындай фактілерге жол бермеу, сондай-ақ осы қылмысты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау бойынша шаралар қабылдауда.Ақтөбе облысы Полиция департаменті жасөспірімдер арасындағы қылмысты, жол-көлік оқиғаларын, балалардың қатысуымен болған жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында кәмелетке толмаған балаларды бақылау қажеттігі туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру