Ақтөбе полицейлері өзгенің көлігін айдап кеткен азаматты анықтады
Ақтөбе полицейлері 20 минут ішінде өзгенің көлігін айдап кеткен азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 шілдесінде сағат 23.20-да жедел басқару орталығының «102» телефонына Ақтөбе қаласы 11 шағын аудандағы көпқабатты үйлерідің ауласынан Ваз 2115 көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама түсті.
Келген полиция жасағы автокөліктің иесі оны кафенің жанына қойып, 15 минут тамақ ішуге кірген кезде көліктің ұрланғанын анықтады.
Шамамен 20 минуттан кейін патрульдік полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында 35 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті жасырынуға тырысты, бірақ ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Автокөлікті айдап кету фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.