Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық тұрғыннан 190 келіге жуық каннабис тәркіленді

Жамбыл облысының Шу ауданында Тараз қаласының 31 жастағы тұрғыны жабайы қарасора дайындау кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора – 2023″ және “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шаралары барысындағы жедел-іздестіру жұмыстарын Жамбыл облысы полиция департаментінің  есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен және “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді.

Алға ауылының “Қақпақты” учаскесіндегі құмды аймақта ұсталған азамат жабайы қарасораны жинап, 4 қапқа салған. Сондай-ақ орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды.

Сараптама нәтижелері көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 189 келі 940 грамм болатын каннабис есірткі заты деп танылды.

– Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына  қамауға алынды. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Бұл бап мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деп хабарлады ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру