Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері екі мылтығы бар мотоцикл жүргізушісін ұстады

СҚО полицейлері екі мылтығы бар мотоцикл жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілдеге қараған түні Қызылжар ауданында учаскелік полиция инспекторлары Азамат Қадыров, Хамит Сәдуақасов және Нұрлыбек Кубенов Долматово ауылының маңында жұмыс істеп, бейінді қызметтерге “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын және “Рөлде ұйықтау” акциясын өткізуге жәрдем көрсетіп жүрген.

Ауылдық жолда олардың назарын мемлекеттік нөмірі жоқ Орал мотоциклі аударды. Ол сөніп тұрған шамдармен жүрген. Қызметтік көлікті көрген кезде, жүргізуші жолдан ауытқып, жасырынуға тырысқан. Кейін келе, тәртіп сақшылары оны Долматово ауылында тоқтатты. Тексеру нәтижесінде рөлде отырған 42 жастағы аудан тұрғынының тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды. Мотоциклді тексеру кезінде учаскелік инспекторлар мотоциклдан оптикалық көріністері бар 5,6 мм калибрлі екі тіркелмеген ТОЗ-18 мылтығын тауып алды.

– Ауыл тұрғынының айтуынша, ол қару-жарақтарды тауып алған. Бұл ақпараттың растығын тергеу анықтайтын болады. Қаруды тасымалдау фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тәркіленген қару бойынша сараптама тағайындалды. Сонымен қатар ер адам көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Мотоцикл арнайы автотұраққа қойылды. Естеріңізге сала кетейік, тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыру ғана оны сақтау үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен арылтады, – деді Қызылжар ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Рустам Садулов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру