Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері пәтер ұрлығымен айналысқан БҚО тұрғынын анықтады

Ақтөбелік полицейлер бейнекамералардың көмегімен пәтер ұрысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айының соңында белгісіз тұлға Ақтөбе қаласындағы жер үйлердің біріне терезе арқылы кіріп, бірнеше алтын бұйымдар мен ноутбукті ұрлаған. 59 жастағы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 млн теңгеден асты.

Осы дерек бойынша криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы бейнекамералардың жазбалары мұқият тексеріліп, күдіктінің таксиге мінгені және қаладағы ломбардтардың біріне барып, ұрланған алтын бұйымдарды тапсырғаны анықталды.

Жедел шаралар барысында күдіктінің жеке басы анықталып, оның бұрын пәтер ұрлықтары үшін сотталған 37 жастағы БҚО тұрғыны екені белгілі болды. Осы қылмысты жасағаннан кейін ол Орал қаласына бой тасалаған.

БҚО полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар барысында тамыз айында күдікті ұсталып, Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру