Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері құнды электр құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады

Ақтөбе полицейлері құнды электр құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға басқа қалалық ЖШС басшысы Ақтөбе қаласында жалдаған пәтерден серіктестіктің мүлкі ұрланғаны туралы арызданды. Полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында күдіктінің пәтердің есіктері құлыпталмағанын пайдаланып, пластикалық чемодандағы теловизорды, аккумуляторлық болгарка, қуаттағышты және екі батареяны ұрлап кеткенін анықтады.

Залал сомасы 2,5 млн теңгеден асты.

Жедел іс-шаралар барысында жедел уәкілдер күдікті ақтөбелікті анықтап, ұстады. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді, қалған бөлігін күдікті бейтаныс адамдарға сатқан.

ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру