Ақтөбе полицейлері сақтық шараларын қабылдау қажеттілігі туралы ескертеді
Ақтөбелік тәртіп сақшылары велосипед ұрлаған азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қазанда Рысқұлов көшесіндегі үйдің баспалдақ алаңынан «Феликс» маркалы велосипед ұрланған.
Жәбірленушіге келтірілген шығын 70 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Ақтөбе қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті велосипедті ұрлап, Қарғалы ауылының 46 жастағы тұрғынына сатып жіберген.