Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе тұрғыны жалға алған ойын приставкасын сатып жіберген

Ақтөбе тұрғыны жалға алған ойын приставкасын сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда ойын приставкалары құны қымбат тауарлар қатарына жатады. Оның кейбір модельдерінің бағасы 500 мың теңгеден асады, ал одан арзандау түрлерін сатылымнан табу қиын. Приставканы жалға алу құны 3 күнге 15 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды, сондықтан ойын консольдері потенциалды алаяқтарды қызықтыратын олжа қатарына жатады.

Мысалы, полицияға жеке кәсіпкер алаяқтық дерегі туралы арызданды. Арызданушының айтуынша, бейтаныс жас жігіт Sony Play Station 5 ойын приставкасын бір күнге жалға алып, белгіленген уақыт өткеннен кейін қайтармаған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 19 жастағы жігітті ұстады. Күдікті ойын приставкасын белгісіз адамдарға 150 мың теңгеге сатып жіберген.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру