Ақтөбеде алаяқ бір тәулікке жалдаған пәтерін басқаларға бір айға беріп отырған
Ақтөбеде алаяқ бір тәулікке жалдаған пәтерін басқаларға бір айға беріп отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 жастағы ер адам үш тәулікке пәтер жалдап, кейін суреттерімен ұзақ уақытқа жалға беріледі деп хабарлама берген. Баспана іздеген адамдар хабарласқан уақытта ер адам саудаласпай, пәтер ақысын алдын ала алып, басқаларға бірден пәтерді жалға беріп отырған.
35 жастағы жергілікті тұрғын OLX сайтындағы хабарламаны көріп, пәтерді 60 мың теңгеге жалдап тұруға келіседі. Бірақ пәтер иесінің басқа адам екенін білмеген.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында алаяқты анықтап, ұстады. Ер адам осыған дейін үш адамды алдағаны анықталды.
Аталған дерек негізінде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары анықталды.
Күдіктіге мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.