Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жүргізушілерді жедел қызметтердің көліктеріне жолда басымдық беруге шақырады

Петропавл полицейлері жүргізушілерді жедел қызметтердің көліктеріне жолда басымдық беруге шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өрттің жиілуіне байланысты қала көшелерінде сирена дыбысы да жиі естілетін болды. Өрт сөндіру, медициналық қызметтің көліктері шақыртуға асығып барады. Өкінішке орай, жол қозғалысына қатысушылардың барлығы дерлігі оларға жол бере бермейді.

ҚР Жол жүрісі қағидаларына сәйкес кезек күттірмейтін қызметтік тапсырманы орындау үшін жедел қызметтердің автокөліктері бағдаршамның сигналдарын ұстану талабын орындамауы мүмкін. Қозғалысқа басқа қатысушылардың алдында басымдық алуы үшін мұндай көлік құралдарының жүргізушілері көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяк пен арнаулы дыбыстық сигналды іске қосады. Олар өздеріне жол берілгендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана басымдықты пайдалана алады. Реттеушінің белгілерін жол қозғалысына қатысушылармен бірге орындайды.

Жол жүрісі қағидалары бойынша жүргізушілер арнайы көліктің және олардың ілесіп жүруіндегі автокөліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуі тиіс.

Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяк іске қосылған көлік құралдары жақындаған кезде қажет болған жағдайда дереу тоқтатуға мүмкіндік болуы үшін жылдамдықты азайту қажет. Арнайы көлікке жолды босату талабы жаяу жүргіншілерге де қатысты.

– Барлық жол қозғалысына қатысушылардан көк және қызыл жарқылдауық маяк іске қосылған арнайы көлік құралына жолда басымдық беруді сұраймыз. Әр секундтің адам өмірі үшін аса маңызды екенін ұмытпаған жөн. Жолда сақ болыңыздар және жол жүрісі қағидаларын қатаң ұстаныңыздар, – деді Петропавл қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру