Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ алаяқтардың жаңа амалдары туралы ескертеді

ІІМ алаяқтардың жаңа амалдары туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта қазақстандық ұялы байланыс операторларының абоненттік нөмірлеріне ұқсас ауыстыру нөмірлерін пайдалана отырып полиция және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кейпіндегі алаяқтық қоңыраулар жиілеп кетті.

Алаяқтар өздерін анықтаушылар немесе тергеушілер ретінде таныстырып, полицияның бөлімшесіне онлайн-несие рәсімделгені туралы азаматтардың туыстары немесе таныстары хабарлағанын айтады.

Деректерді нақтылау үшін қылмыскерлер азаматтарға шоттар туралы ақпаратты, сондай-ақ жеке ақпаратты – ТАӘ, ЖСН және т.б. хабарлауды ұсынады.

Азаматтар алаяқтық әрекеттердің қысымымен қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларды өз құрылғыларына орнатқан жағдайларлар да кездеседі.

Бұл әрекеттердің барлығы қылмыскерлер ықтимал құрбандардың банктік карталары мен депозиттеріне қол жеткізуге, одан әрі олардан ақша аударуға немесе несие алуға бағытталған.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек

Егер сізге банктің немесе полицияның болжамды қызметкерінен осындай қоңырау түссе, мәліметтерді нақтылау үшін телефонды қойып, банкке хабарласу ұсынылады. Полиция да, банк қызметкерлері де ешқашан банктік шоттар немесе жеке деректер туралы деректерді растауды сұрамайтынын есте ұстаған жөн.

Қандай да бір сылтаумен үшінші тұлғаларға – банктердің, олардың қауіпсіздік қызметтерінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және т.б. дербес деректерді, шоттардың деректемелерін, банктен сіздің абоненттік нөміріңізге келіп түскен sms-кодтарды бермеңіз.

Сонымен қатар, сіздің банктік шоттарыңыздың қорғалуын қамтамасыз ету үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

– күрделі болуы тиіс парольдерді үнемі өзгертіңіз;

– төлем жүйелерінде бар барлық қауіпсіздік жүйелерін қосу: sms растау, IP-мекенжайды бақылау, 3D-secure және т.б.

Егер сіз ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалған алаяқтық әрекеттердің құрбаны болсаңыз, дереу банкке қоңырау шалып, өз шотыңызды бұғаттауыңыз қажет, сондай-ақ тұрғылықты жеріңіз бойынша полиция бөліміне хабарласуыңыз қажет.

Бұл қылмыстарға қарсы қандай шаралар қолданылуда

Бірқатар себептерге байланысты, соның ішінде трансшекаралық, интернет-алаяқтықты ашу және тергеу әрдайым тез әрі оңай бола бермейді.

Әдетте, мұндай қылмыстарды жасау кезінде үшінші тұлғаларға жасалған банктік шоттар мен карталар, сондай-ақ жалған абоненттік нөмірлер қолданылады. Ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін мүлдем жоқ адамдардың деректерін пайдаланады.

Онлайн нарық пен қызметтердің дамуын, сондай-ақ IT-құқық бұзушылықтардың өсуін ескере отырып, ІІМ олардың алдын алу, ашу және тергеу бойынша түрлі шаралар кешенін қабылдауда.

Ақпараттандыру және байланыс саласында, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарлама қабылданды.

Өткен жылы киберқылмыспен күрес бойынша бөлімшелердің штат саны ұлғайтылды, аумақтық полиция органдарында интернет-алаяқтықты ашу және тергеу бойынша мамандандырылған жедел-тергеу топтары құрылды.

Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 3 айында тіркелген интернет-алаяқтықтардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үштен бірге (34%-ға) азайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру