Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде алаяқтық жолмен велосипед ұрланды

Ақтөбеде алаяқтық жолмен велосипед ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 тамызда қаланың 38 жастағы тұрғыны полицияға алаяқтық туралы арыз берген. Өтініш берушінің айтуынша, Лачугин көшесіндегі үйдің ауласында бейтаныс адам оған жақындап, велосипедін айдай тұруға беруді өтінді. Осылайша, “Стэллс” маркалы екі доңғалақты көлік алаяқтық жолмен алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен қаланың 41 жастағы тұрғынын ұстады. Шығын 79 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, сонымен қатар, ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өкінішке орай, алаяқтық қылмыстың ең көп таралған түрлерінің бірі болып қала береді.

Мұндай жағдай бірінші емес, өйткені велосипед өте құнды және сонымен бірге немқұрайлы сақталатын мүлік.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады. Сақ болыңыз және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру