Ақтөбеде алаяқтықтың екі дерегі тіркелді
Ақтөбе полициясы алаяқтықтың екі дерегін тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға 43 жастағы жәбірленуші жүгінді. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың мамыр айының соңында танысы алдап, құрылыс материалдарын жеткізу сылтауымен 3 миллион теңге сомасындағы ақшаны иемденген. Жәбірленуші құрылыс материалдарын да, ақшаны да алмаған.
Басқа жағдайда, 2020 жылдың тамыз айының басында елорданың 27 жастағы тұрғыны бизнестегі үлесін беру сылтауымен Ақтөбедегі мұнай компанияларының бірінің қаржыгеріне тиесілі үш миллион теңге сомасындағы ақшаны алдап алған.
Екі дерек негізінде ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
– Азаматтардың көпшілігі пайда табу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын ұмытып кетеді. Мұндай жағдайларда азаматтар өте мұқият болу керек, ақшалай қаражатты нотариалдық ресімдеусіз бермеу керек, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.