Ақтөбеде әлеуметтік желіде тыйым салынған діни материалдарды сақтаған азаматқа айыппұл салынды
Ақтөбеде теміржол ұйымының қызметкеріне әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни мазмұндағы материалдарды сақтағаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күнделікті интернет ресурстарына, оның ішінде әлеуметтік желілерге тыйым салынған діни мазмұндағы фото, бейне және аудио материалдарды жариялауды анықтау, сондай-ақ олардың бұдан әрі таралуына жол бермеу мақсатында мониторинг жүргізеді. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 453-бабына сәйкес, аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін (Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін, сол сияқты өзге де өнімдерді дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Мәселен, көлік полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жолаушылар пойыздарын жөндеу бойынша Ақтөбе филиалының 39 жастағы қызметкерінің ВКонтакте парақшасынан аудио материалдар табылды. Дінтану зерттеуінің қорытындысына сәйкес, олар Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған болып шықты.
Ақтөбе қаласының №2 мамандандырылған әкімшілік соты құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша 20 АЕК (69 000 тг) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Естеріңізге сала кетейік, экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың тізімі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтында орналастырылған.