Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 3 тәулікте жасөспірімдердің 500-ден астам заңды өкілі жауапқа тартылды

17-19 шілде аралығында Жамбыл облысының аумағында “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз болуы, сондай-ақ оларға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату деректерінің жолын кесу.

Іс-шараға 436 полиция қызметкері, білім беру мекемелерінің 76 өкілі, денсаулық сақтау мекемелерінің – 12 және жергілікті атқарушы органдарының 36 өкілі жұмылдырылды. Ювеналды полиция инспекторлары тұрғын үй аулаларында, саябақтарда және жастар көп жиналатын жерлерде, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді. 

Жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесінде ІІО-ға 587 жасөспірім, оның ішінде 521 жасөспірім- тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23:00-ден таңғы 06:00 аралығында болғаны үшін, 22-сі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеткізілді. Сонымен қатар 27 ата-анаға қатысты балаларын тәрбиелеуде өз жауапкершіліктерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 21 жасөспірім орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру