Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда ұрлық қылмысын жасаған күдікті СҚО-да ұсталды

Көкшетауда ұрлық қылмысын жасаған күдікті СҚО-да ұсталды. Қолға түскен күдікті азамат қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 12 шілдеде Көкшетау қаласында құқық бұзушылық әрекетін жасаған Алматы қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша іздеуде жүрген күдікті Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданында қолға түсті.

Облыс орталығының қызметкерлері күдіктіні қолға түсіру үшін бір аптадан астам уақыт жұмсауға мәжбүр болды. Ұсталған азамат сотқа дейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айта кету керек, қылмыстық құқық бұзушыларды іздеу – маңызды жұмыс бағыттарының бірі. Жыл басынан бері облыста 33 қылмыскер іздестірілді. Оның 29-ы табылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру