Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 17 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды

Қызылордада “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 17 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы аумағында кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 17-19 шілде аралығында “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жергілікті мемлекеттік мүдделі органдармен бірлесіп, жастар мен кәмелетке толмағандар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда рейдтік шара жүргізіп, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жадынамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Профилактикалық іс-шараның қорытындысымен барлығы 311 әкімшілік хаттама рәсімделді. Оның ішінде түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген – 282 жасөспірім, балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған – 20 ата-ана, бұзақылық жасаған 8 жасөспірім анықталды.

ІІО-ға 17 жасөспірім және тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған 16 ата-ана есепке алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру