Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясында талапкерлерді қабылдау кампаниясы қалай өтіп жатыр

ІІМ Алматы академиясында талапкерлерді қабылдау кампаниясы қалай өтіп жатқандығы жайында тәуелсіз сарапшы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 шілдеден бастап ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында бакалавр бағдарламасы бойынша оқуға кандидаттарды іріктеу науқаны өтіп жатыр.

Шаралар барысы қоғамның, талапкерлер мен олардың туыстарының, тәуелсіз сарапшылардың, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттері қаупін алдын алу мен болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі органдары өкілдерінің бақылауында ашық және объективті өткізіліп жатыр.

Сонымен қатар кандидаттарды іріктеу аясында жүргізілетін шаралардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында күнделікті орындарда тікелей эфирлерге қосылуымен ауқымды пиар-кампания жүргізілуде. Мәселен, конкурстық комиссия мүшелерінің қатарында белгілі блогер, азаматтық қоғам өкілі, мектеп оқушылары арасында профориентация бойынша маман Айдос Жұманазар бар.

– Іріктеу комиссиясының құрамында болып, аталған абитур-кампанияның ашықтығына көзім жетіп отыр. Оның барлығы, менің ойымша, дұрыс ұйымдастырушылық жұмыстарына байланысты, – деді қоғамдық өкіл Айдос Жұманазар.

Блогер ІІМ Алматы академиясына кандидаттарды іріктеу процесстерін тікелей эфирлер арқылы жеткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру