Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бір күнде екі мас жүргізуші анықталды

Ақтөбеде бір күнде көлік басқару құқығынан айырылса да, масаң күйде көлік басқарып жүрген екі азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қаңтар күні таңертең патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген «Москвич-ИЖ» автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісін ұстады.

Тексеру барысында аталған азаматтың осыған дейін мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін жүргізушілік куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Көлік басқару құқығынан айырылса да, көлік тізгініне мас күйінде қайта отырған азамат ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)  бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болады.

Дәл сол күні біраз уақыттан кейін «Ваз-21144» автокөлігінің жүргізушісі ұсталды, ол көлікті есірткілік масаң күйде басқарған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)  бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру