Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрлық түбі – қорлық

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған екі жеткіншек бірнеше үй-жайға ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық – бұл өте кең таралған қылмыс түрі. Бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлауға кәмелетке толмаған балалар да қатысады.

Мысалы, жыл басында екі жасөспірім екі күн қатарынан пластикалық терезені ашу арқылы жасырын түрде қала дүкендерінен азық-түлік, әскери қызметкерлерге арналған тауарлар, ноутбук пен аксессуарлар  ұрлап, дүкен иелеріне 150 мың теңгеден астам шығын келтірген.

Қылмыстық қудалау органы осы дерек бойынша 12-13 жастағы ақтөбелік екі оқушыны анықтады.

Осыған орай, Ақтөбе облысының Полиция департаменті балаңыздың заңсыз әрекеттер жасамауы үшін оның қарым-қатынас жасайтын ортасын жете білуге, оның мінез-құлқындағы өзгерістерге және онда жаңа заттар немесе қолма-қол ақша пайда болған жағдайда оның шығу тегіне назар аударуды сұрайды.

Балаларыңызға олардың жетістіктері сіз үшін өте маңызды екенін, ал жаман әрекеттері сіздің қайғы – қасіретіңіз екенін жиі еске салуды ұмытпаңыз.

ҚР ҚК-нің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша санкция бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау) бойынша санкция жеке тұлғаларға бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру