Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары қайырымдылық шараларына атсалысуда

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері халықтың  әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларға барып, оларға азық-түлік жеткізіп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары балалар үйіне, қарттар үйіне, аз қамтылған және тұрмысы нашар отбасыларға әрдайым қолдау көрсетіп келеді.

Қызметкерлер әсіресе азық-түлік пен тұрмыстық тауарларға мұқтаж отбасыларды қолдауды жөн деп санайды, сонымен қатар балаларға ерекше назар аударып, олардың көңіл-күйлерін көтеретін сыйлықтар табыстауға тырысады.

– Біздің шағын көмегіміз оларды қуантады және осы арқылы олардың күнделікті өміріне аз да болса қолдау көрсетуге тырысамыз, – деді облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қалдымұрат Айғарақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру