Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ұландықтар көлік жарылысының алдын алды

Шымкентте Ұлттық ұланның әскери қызметшілері көлік жарылысының алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтардың 13-і күні кешке қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұлан №6506 әскери бөлімінің жауынгерлері көшелердің бірінде өртеніп жатқан “Lada Рriora” маркалы көлікті байқаған.

Патрульдік топ жетекшісі Ерғазы Қайыпов бұл туралы дереу кезекшіге хабарлап, оқиға орнына “101” қызметін шақырады. Өрт сөндіру тобы келгенше ұландықтар аймақты қоршауға алған.

– Біз көшелердегі қоғамдық тәртіпті қадағалап жүргенде жана бастаған көлікті байқадық. Ойланатын уақыт болмады. Бірден аймақты қоршауға алдық. Адамдарға қауіп төнбес үшін дереу қимылдау керек болды, – дейді Ерғазы Қайыпов.

20 минут көлемінде ұландықтар өрт сөндіру тобымен бірге тілсіз жаумен күресіп, оны толықтай ауыздықтай алды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Өртенген көлік иесі әскери қызметшілерге жылдам көмекке келгені үшін шынайы алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру