Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде «Борышкер» іс-шарасы аясында 3 күн ішінде 15 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

Ақтөбе облысында үш күн ішінде 15 млн теңгеден астам айыппұл сомасы өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында 12-21 қазан аралығында әкімшілік айыппұлдар бойынша берешекті өндіріп алу мақсатында «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде.

Жедел – алдын алу іс-шарасы өткізілген 3 күн ішінде 15 млн теңгеден астам айыппұл сомасы өндірілді.

Әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу үшін арнайы автотұраққа 12 автокөлік қойылды.

Полиция департаменті жыл басынан бері 1,2 млрд теңгеге айыппұл салды, оның  891,4 млн теңгесі өндіріп алынды, өндіріп алу 73,9% – ды құрады.

3 күн ішінде 756 азаматқа заңда белгіленген мерзімде әкімшілік айыппұлды төлеу қажеттігі туралы хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру