Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды
Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ақтөбе облысының Полиция департаменті 26 қазанда Ақтөбе қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда. Осы қылмысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, соттың қаулысымен тергеу мерзіміне қамауға алынды.
Қылмысты жасады деген күдікпен барлығы 13 адам ұсталды. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға да қатыстылығы тексерілуде. Сонымен қатар осы ауыр қылмыстың жасалғаны туралы айтпағаны және уақытылы медициналық көмек көрсету шараларын қабылдамағаны үшін осы түнгі клубтың директоры ұсталды.
Бұл клубтың лиценциясының күшін жою және оны жабу туралы сотқа талап енгізіледі. Қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында алдағы уақытта Полиция департаментінің бастамасымен барлық көңіл көтеру орындары азаматтардың қауіпсіздігі талаптарының сақталуына, лицензиясы бар күзет субъектілерінің тартылуына тексеріледі. Қылмыстық істің тергелу барысы туралы ақпарат қоғамға қадағалау органымен келісім бойынша ұсынылатын болады.