Полицейлер балконнан секірмек болған адамды аман алып қалды
Ақтөбеде облысы ПД патрульдік жасағы өз-өзіне қол жұмсамақ болған 41 жастағы азаматты аман алып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сағат 16:43-те «102» пультіне Білге қаған көшесіндегі үйдің тұрғындарынан төртінші қабаттың балконынан ер адам секіріп кетпекші болып тұрғаны туралы қоңырау келіп түсті.
Ақтөбе облысы ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері осы ауданда болған патрульдік нарядқа хабарлама берді.
Оқиға орнына екі топ патрульдік наряд келіп жетті.
Тұрғын үйге келген бойда бір патрульдік наряд үйдің төртінші қабатына көтеріліп, ер адам тұрған пәтерге кіруге тырысты, бірақ ешкім есікті ашпады.
Екінші топ төменгі жақта, сыртта тұрып, балкондағы ер адамның іс-әрекетін қадағалады.
Көрші пәтерден балкон арқылы кіруге шешім қабылданып, аталмыш пәтерге әскерилер кірді. Балкон арқылы Ақтөбе қаласының аумақтық қорғаныс әскери міндеттілері Сағынбаев пен Қалыбеков суицидтің алдын алып, пәтердің есігін ашып, жедел жәрдемге қоңырау шалды.
Ер адамды құтқарып қалды. Ол облыстық наркологиялық диспансерге алғашқы көмек көрсету үшін жеткізілді.