Ақтөбеде ер адам ұрланған велосипедті сатып жіберген
Ақтөбеде бейнебақылау камераларының көмегімен велосипед ұрлығы «ізі суымай» ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қаңтарында «Есет-батыр» ТА үйлердің бірінде баспалдақ алаңынан Барс жасөспірімдер велосипеді ұрланған. Иесі шығын көлемін 35 мың теңгеге бағалады.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бейнебақылау камераларының көмегімен 39 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адамның ұрланған велосипедті Қарғалы ауылындағы дүкендердің біріне сатқаны анықталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Статистикаға сәйкес, бейнебақылау камераралары арқылы көшеде жасалған қылмыс санының төмендеуінің оң динамикасы бар. Бұзақылық әрекеттерге кінәлілерді табу әлдеқайда оңай және пәтер ұрлығының саны азайып отыр. Сонымен қатар бейнебақылау жүйелері үй тұрғындарын және басқа адамдарды тәртіпке келтіреді.