Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ұсталды

Павлодар облысында көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауылында полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде ВАЗ-2106 автокөлігін байқады. Көлікті тоқтап, жүргізушімен әңгімелескенде алкогольдің өткір иісі шықты.

–  Жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды. Ал медициналық куәландыру қорытындысы полицейдің күдігін растады – ауыл тұрғыны мас күйде болды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Сұңғат Әбенов.

Тәртіп сақшысы 44 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын атап өтті.

Сотта ер адам көлік жүргізер алдында 150 грамм коньяк ішкенін түсіндірді. Ертіс сотымен ауыл тұрғыны 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру