Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есептегі 15 сотталған тұрақты жұмысқа жолдама алды

Ақтөбеде есептегі 15 сотталған тұрақты жұмысқа жолдама алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәрмеңкеге өндірістік және қызмет көрсету саласы бойынша 13 мекеме мен кәсіпорын 58 бос жұмыс орнын ұсынды. Жұмыс берушілер: «Анвар» ЖШС, «КАЖ сервис» ЖШС, «Ақтан групп» ЖШС, 20982 әскери бөлімі, «Актөбе нан» ЖШС және тағы басқа да кәсіпорындар. Ұсынылған бос жұмыс орындары: есепші, сатушы, жұмысшы, дәнекерлеуші, каток машинисті, бульдозер машинисті, тазалаушы, ораушы, аспаз және т.б.

Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілерге тұрақты бос жұмыс орындарымен қатар, белсенді шаралар, біржолғы көмек туралы және «AMANAT» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының атқарушы хатшысы Рахымжан Низамутдинов, «Жастар Рухы» Жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы жәрмеңке барысында Ақтөбе қаласы Астана аудандық пробация қызметінің инспекторлары өз есебінде тұрған жұмыссыз жүрген сотталғандарды жұмысқа тұрғызу мақсатында жұмыс жүргізді.

Жәрмеңке барысында 7 борышкер тұрақты жұмысқа жолдама алды. Ал пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың ішінен 15 адамға жолдама берілді. 14 азамат әртүрлі себептермен тұрақты жұмыстан жазбаша түрде бас тартты.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласы бойынша электронды еңбек биржасы (www.enbek.kz) порталында 800 бос жұмыс орны жарияланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру