Ақтөбеде ІІО ардагерлерінің қатысуымен патрульдік полицияның жеке құрамының таратылуы өткізілді
Ақтөбеде ішкі істер органдары ардагерлерінің қатысуымен патрульдік полицияның жеке құрамының таратылуы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратында Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының жеке құрамының таратылуы өткізілді.
Іс-шараға ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дәулеталин, ІІО ардагерлері Ғалымжан Жұмашев пен Төлеу Нұрбай қатысты.
Ғалым Дәулеталин қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке құрамға тәлімгерлік сөздерімен іс-шараны ашты.
– Құрметті полицейлер, қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі қызметтеріңізге ең әдемі сөздер айтқым келеді. Сіздерге тыныш кезекшілік, өз еліңіздің патриоттары болуды тілеймін. Қылмыспен күресуге және мансаптық өсуге күш-жігер мен уақытты аямаңыздар. Бұл дегеніміз – қала тұрғындарының игілігі үшін өз жұмысына жауапкершілікпен қарау және тынбай еңбек ету. Өзінің бай тәжірибесін жас қызметкерлерге дәріптеп жүрген ардагерлерге алғыс білдіремін, – деп атап өтті Ғалым Дәулеталин.
Күн сайын облыс орталығында қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға патрульдік полицияның 20 жасағы түседі.