Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас күйінде көлік айдаған Lexus 570 жүргізушісі ұсталды

Ақтөбеде мас күйінде көлік айдаған Lexus 570 жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 маусым күні сағат 05:50-де патрульдік полиция қызметкерлері О. Татеұлы көшесінде патрульдеу кезінде 23 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lexus 570 маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шықты, сараптама алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесін көрсетті. Сонымен қатар жігіттің бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қаласы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру