Ақтөбеде “Өз бостандығыңды бағала!” акциясы өткізілді
Ақтөбе облысының ҚАЖ департаментіне қарасты №9 мекемесінде ҚР ҰҚК ШҚ Ақтөбе облысы бойынша департаментіне бағынышты шекаралық бақылау бөлімдері мен бөлімшелерінің 120 әскери қызметшісі қауіпсіздігі барынша төмен мекемесін аралап, танысып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті және ҚР ҰҚК ШҚ Ақтөбе облысы бойынша департаменті бірлесе отырып, “Өз бостандығыңды бағала” тақырыбында экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсяны ұйымдастырудағы басты мақсат – шекаралық бақылау бөлімдері мен бөлімшелерінің қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Өз кезегінде қатысушыларға сотталғандарға арналған жатақхананы, тергеу кабинеттерін, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге арналған камераларды көрсетті, бас бостандығынан айырылған адамдардың қандай қылмыстық әрекеттер жасағаны және олардың темір тордың артындағы жағдайы туралы айтып берді.