Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде өзгенің телефонын күшпен тартып алған күдікті анықталды

Ақтөбеде өзгенің телефонын күшпен тартып алған күдікті “ізін суытпай” анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сағат 15.00 шамасында “102” телефонына жергілікті тұрғын белгісіз ер адам Жаманқұлов және Черепанов көшелерінің қиылысында оған шабуыл жасап, Huawei телефонын күш көрсетіп, алып кеткендігін хабарлаған.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктін “ізін суытпай” ұстады. Ол қаланың 45 жастағы тұрғыны болып шықты және одан ұрланған ұялы телефон тәркіленді.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабымен (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті өз қылмысын мойындады. Осы баптың санкциясы мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру