Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер екі дропперді ұстады

Ақтөбеде полицейлер екі дропперді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айының соңында бірнеше ақтөбелік зейнеткерлер алаяқтардың құрбаны болды. Алаяқтар егде жастағы адамдардың үй телефондарына қоңырау шалып, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, қарттарға олардың туысы жол апатына ұшырағанын және олардың кінәсінен адамдар зардап шеккенін хабарлайды. Қоңырау шалушы бұл мәселені шешу, әрі туыстарын қылмыстық жауапкершіліктен құтқару үшін ақша талап етеді.

Бұл ретте, алаяқтар ақшаны алдыру үшін курьерлердің, яғни қазір жиі айтылып жүрген дропперлердің қызметіне жүгінеді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дропперлердің басым көпшілігі алаяқтық схемасының қатысушысы болып отырғанын алдын ала біледі, соған қарамастан, жеңіл жолмен ақша табуға ұмтылған жас жігіттер мұның зардаптарын және қылмыстық жауапкершілік туралы ойламайды. Полицейлер мақсатты жедел іс-шараларды өткізу барысында қыркүйек айында 8 қарт адамды ақшасыз қалдырған екі жас жігітті анықтап, ұстады.

Мысалы, курьер ретінде келген олардың біріне 90 жастағы зейнеткер 2 млн теңгесін беріп жіберсе, енді біріне 68 жастағы зейнеткер 1 миллион теңгесін берген. Алаяқтықтың барлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Полиция департаменті азаматтарды алаяқтықтың алдын алу бойынша қарт туыстарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру